Жоғалтып алған күн
Бірде Витяның ағасына досы келеді. Ол бір күрсініп алып, малақайын лақтырып жіберіп:
– Бір күнімді жоғалтып алдым! – дейді.
Досы кеткеннен кейін Витя ағасынан:
– Күнді жоғалтып алу мүмкін бе? Олар бір-бірінен аумайды ғой! – деп таңданады.
– Уақыт мөлшеріне қарай күндердің бәрі бірдей, бірақ олар бір-бірінен жасалған істер және тындырылған әрекетке байланысты ерекшеленеді, – деп, жауап бере отыра, ағасы ары қарай жалғастырады. – Адам баласының пайдалы іс жасамаған немесе көп білуге қажетті ешқандай әрекеттенбеген күні болса, онда ол бос өткен, жоғалып, жоқ санатында есептелетін күн деп аталады.
Сол күннен бастап Витя ұйықтар алдында бұл күні жасаған істері, білген мағлұматтары жайында үнемі айтатын болды. Сол әңгіменің соңында:
– Бұл күнім босқа кеткен жоқ па? Мен оны жоғалтып алған жоқпын ба? – сұрайтын болды.
В. Осеева
Аударған А. Сейсенова
• Мәтін неліктен «Жоғалтып алған күн» деп аталған? Өз ойыңмен бөліс.
• «Егер бір күннің ішінде пайдалы жұмыс бітірмесең, онда бұл күніңді босқа өткіздім деп есептей бер» нақыл сөзінің мәнін топта талқыла.
• Мәтіндегі қарамен жазылған сөздерге назар аудар. Түбір сөздерге қосымшалардың жуан, жіңішке болып жалғану себебі неде деп ойлайсың?