Мен не үйрендім?

1. Мәтінді түсініп оқы.

  «Сабақтың» о бастағы мағынасы тіпті басқаша. Араб тіліндегі «сабақ» сөзі «таңертең» деген мағынаны білдіреді. Оның ауыспалы екінші мағынасы – «таңертең келу». Оқудың көбіне ертеңгілікте баста- латынын ескерсек, «сабақ» сөзінің «таңертең оқуға келу» мағынасын беретіндігін байқаймыз.

Мәтінге ат қой.
Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар құрастырып жаз:
1. «Сабақ» сөзінің тура мағынасы нені білдіреді?
2. …
3. …

2. Жұмбақты шеш және оны көшіріп жаз. Антонимдердің астын сыз.

Мұртын сипап күн бойы,
Бетін сусыз жуады.
Тысырды аңдып түн бойы,
Тышқанды көп қуады.

Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талдап, тиісті белгімен белгіле.

3. Берілген тақырып пен тірек сөздерді оқы. Бұл мәтінде не туралы айтылуы мүмкін?

  Тақырып: Кітаптар мұңы.

  Тірек сөздер: жыл соңы, мектеп кітапханасы, жыртылған кітап, сызылған кітапша, мұңдарын шағу, кітапханашы.

Тақырып және тірек сөздермен шағын әңгіме құрастыр.
Кітап, кітапша және кітапхана, кітапханашы сөздері қандай сөздер?

4. Берілген сөздердің түбірі мен қосымшаларын ажыратып, кестедегі тиісті бағанға орналастыр.

5. Сөздерді оқы. Бәрі түбірлес сөз бола ала ма? Тек түбірлес сөздерді теріп жаз. Әр сөздің түбірін тиісті белгімен белгіле.

  Бала, балақай, балақан, баламен, балалық.
  Сый, сыйлау, сыйлық, сыйлы.
  Ек, егін, егіндік, егінші, егінді.

Түбірлес сөздер

• Бір түбірден қанша туынды сөз жасауға болады?

1. Суреттерге қара. Сөздерді оқы.

2. Кез келген сөзбен сөйлем құра

3. Жоғарыдағы қай сөз қай сызбаға сәйкес келеді?

Өзіңе ұнаған түбірлес сөздермен осындай бет құрастырып көр. Сыныптастарыңның алдында қорғауға дайындал.

×
×

Корзина