Сәулет деген не?
Бұрынғы заманда баспаналар бір-біріне өте ұқсас еді. Әдетте олар бұтақтардан, қамыстан, кейінірек сазбалшықтан тұрғызылды.
Уақыт өте келе құрылыс салу ісі де өзгерді. Бай адамдар сәулетті сарайларда тұрғысы келді. Ондай сарайларды тұрғызу үшін шеберлік пен терең білім қажет болды.
Тұрғын үйлерден басқа да құрылыстар – ғибадатхана*, стадион, театр, кітапханалар салына бастады.
Мұндай кешендер құрылысын ойлап тапқан адамды сәулетші деп, ал олардың туындыларын сәулет өнері деп атайды.
Сәулет өнері – адамдардың әдемі және ыңғайлы өмір сүруіне арналған өнер.
«Бейнелеу өнері» кітабынан
• Мәтін мазмұнына тірек болатын сөздерді тап.
• Мәтін бойынша бір-біріңе сұрақ қой.
• Сәулетші деген кім? Мәтін сөздерін пайдаланып, жауап жазып көр.