Баяндауыш

9. Мәтінді түсініп оқы.

        Шаңырақ – отбасылық қасиетті мұра. Киіз үйдің кереге, уықтарын әйелдер құрастырады. Ал шаңырақты көтеру – отбасының немесе рубасының міндеті. Шаңырақ көтерілгеннен кейін оның шеңберіне әткеншек ілінеді. Оған кішкене баланы отырғызып тербетеді. Бұл, бір жағынан, құрылыстың беріктігін тексеру болса, екіншіден, ертеден келе жатқан сенім бойынша балалардың күлкісімен жаңа қонысқа байлық пен бақ орнайды.

Н.А. Раупова, Ә.Т. Төлебиев

Мәтін мазмұны бойынша бір-біріңе сұрақ қой.
Мәтіндегі маңызды ой неде деп ойлайсың?
Мәтіннен өзің бұрын естімеген жаңа сөздерді тап.
Тапқан сөздеріңнің мағынасын сөздіктен қарап біліп ал.
Мәтіндегі қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой. Бұл сөздер нені білдіреді? Олар сөйлемнің қай мүшесіне қатысты?

  Бастауыштың ісін, қимылын білдіретін сөздерді баяндауыш деп атайды. Баяндауышқа не істеді? не қылды? қайтті? дегенсұрақтар қойылады:

11. Берілген сөздерге қатысты қимылды білдіретін сөздер тауып айт.

Бұл сөздер сөйлемде қандай мүше болып тұр?

12. Құрамында б және л дыбыстары бар сөздер құрастырып айт.

Сол сөздерді қатыстырып сөйлем құрап жаз. Бастауыштың астын – бір, баяндауыштың астын екі сызықпен сыз.

×
×

Корзина