Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша

13. Мәтінді тыңда.

        Астанадан алты шақырым жерде Құлагерге ескерткіш орнатылған. Ескерткіш «Астана–Көкшетау» тасжолының бойында тұр. Құлагердің мүсіні мыстан соғылған.
        Құлагер – әйгілі Ақан серінің тұлпары. Ақан он алты-он жеті жасынан әнге, өлеңге, домбыраға әуес болады.

Олжас Қабділ Рашидтен

Мәтіннен өзіңе қандай жаңа ақпарат алдың?
Ол ақпараттар саған ұнай ма? Ұнаса, неліктен?
Өз өлкеңде қандай ескерткіштер бар?
Мәтіндегі қарамен жазылған сөйлемдерді көшіріп жазып, сөйлем мүшесіне талда. Олардың тыныс белгісіне назар аудар.

14. Сөйлемдерді оқы.

Әділет – оқушы.
Сәуле – биші. 
Алма – жеміс.

Әділет оқыды.
Сәуле биледі.
Алма пісті.

Екі бағандағы сөйлемдердің баяндауыштарын тауып, оларға сұрақ қой.
Екі бағандағы сөйлемдердің баяндауыштарын салыстыр.

     Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен жасалса, бастауыштан кейін сызықша (–) қойылады:

15. Мақалдардың қатесін түзеп көшіріп жаз.

1. Отан қуат, отбасы шуақ.
2. Мектеп кеме, білім теңіз.
3. Ас атасы нан.

16. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып, өлеңдi оқы.

Өлеңдегі сызықшаның қойылу себебін түсіндір.

×
×

Корзина