Отырар – көне қала. Қаланың қалдығы Отырартөбе деп аталады. Бұл жерде қыш ыдыстардың қалдықтары көп.
Отырар қаласында ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фараби туған.
Отырарда сәулетті сарайлар мен мешіттердің болғанын дәлелдейтін олардың қалдықтары көптеп кездеседі.
Ғаламтордан
• Мәтінде қандай қала туралы айтылған?
• Қарамен жазылған сөйлемнен тұрлаулы мүшелерді тап. Сызықшаның қойылу себебін түсіндір.