Мен не үйрендім?

1. Мәтінді түсініп оқы.

Сәулет кереметтері

  Кейбір ғимараттар келушілерді ерекше сәулетімен тамсандырады. Қытайдағы Ұлы Қытай қорғаны жыл сайын миллиондаған халықты өзіне қарай тартады. Ал Аградағы Тәж-Махал – сәулет өнері мен сұлулықтың сөз жетпес ғажап туындысы. Тәж-Махал мәрмәрінің түсі маусымнан маусымға дейін сағат сайын өзгеріп отырады деседі.

Сұрақтардың көмегімен мәтінге жоспар құр.

Орфографиялық Сөздік

миллион

мәрмәр

Жоспар мен тірек сөздерді пайдаланып, мәтіннің мазмұнын жаз.

  Тірек сөздер: сәулет кереметтері, тамсандыру, Ұлы Қытай қорғаны, миллиондаған халық, Тәж-Махал, мәрмәрдің түсі, маусымнан маусымға дейін, сағат сайын, өзгеріп отыру.

2. Сөздерден сөйлем құрап оқы, оларды сөйлем мүшелерiне талда.

Құраған жалаң, жайылма сөйлемдерiңдi тиiстi пойыз вагондарына орналастыр. Бұл сөйлемдердiң бiр-бiрiнен айырмашылығы неде?

3. Сызбаны толықтыр.

4. Мәтіндегі көп нүктенің орнына тұрлаулы мүшелердің бірін қойып оқы.

        – Мен … . Сөйлемде менің мойныма ұшан-теңіз жауапкершілік жүктеледі. Мен сөйлемдегі ойдың иесі- мін. Менсіз сөйлем басы жоқ серке тәрізді. «Кім? Не?» деп сұрай келген жан болса, мені көп қиналмай-ақ бірден тауып алады. Рас, кейде көзге түспей жасырынып та қаламын. Бірақ ол менің кінәм емес.

Бердібек Соқпақбаев

Үшінші сөйлемді сызбамен алмастыр.

  • Үшінші сөйлемді сызбамен алмастыр.

Мақал-мәтелдер​

Мақал-мәтел – бейнелі және мәнерлі сөйлеу құралы. Мақал- мәтелдер сөйлеммен беріледі.

1. Мақалдарды оқы. Олардың мағынасын түсіндір. Сөйлем мүшелеріне талда.

        1. Өнер өрге жүзгізеді. 2. Еңбек ептілікті сүйеді. 3. Асыл тастан шығады, өнер жастан шығады. 4. Ер қадірін ел білер, зер қадірін зергер білер.

2. Спандияр Ақаевтың әңгімесін оқы. Әңгіменің бұлай аталу себебін түсіндіріп көр.

Бұлақ көрсең, көзін аш

        Ыбырай атамыздың «Таза бұлақ» деген әңгімесін оқыған боларсыңдар. Олай болса, әр бала жазда кездесе қалса, бастаудың көзін, бұлақтың жолын аршып, оларды шөп-шаламнан, лай-батпақтан тазалай жүрсе, үлкенғанибет. Сол үшін бабаларымыз «Бұлақ көрсең, көзін аш!» деп өсиет қалдырған.

3. «Мақал-мәтелдер» кітабынан жалаң сөйлемнен тұратын 5 мақал, жайылма сөйлемнен тұратын
 5 мақал тауып жаз. Сөйлем мүшелерінің астын тиісті сызықтармен сызып көрсет.

  • Тапқан мақалдарыңның мағынасын түсіндіріп бере аласың ба?
  • Қай мақалмен әңгіме құрауға болады? Сол мақалмен әңгіме құрап көр.
  • Мақалды қатыстырып құраған әңгімеңді сыныптастарыңның алдында қорға және бағала.
×
×

Корзина