Өткен сабақта біз Қазақстандағы экономикалық қызметтің түрлерімен танысып, облысымыздағы кәсіпорындардың немен айналысатындығы туралы білдік. «Қазақстандағы ауылшаруашылығы» картасын (17-бет) тағы да мұқият қарап шығып, мына сұрақтарға жауап бер:
● Қазақстанның қай облыстары күріш, мақта, бау-бақша өнімдерін өсірумен айналысады?
● Ауылшаруашылығындағы күріш, мақта, бау-бақша өнімін өсірумен Қазақстанның басқа облыстары неге айналыспайды?
● Картадан ет-сүт өнімдерін өндіретін малшаруашылығы бар аймақтарды тауып, анықта. Адам атқаратын шаруашылық қызметтің климатқа тәуелділігі туралы қорытынды жаса.