Балалар, мектеп дегеніміз – қоғамның шағын үлгісі іспетті. Біз есейген кезімізде жігерлі әрі бастамашыл болу үшін болашақ өмірге деген дайын- дығымызды мектептен бастауымыз керек. Біз мектепте жүргенде-ақ өз бетімізше шешім қабылдауды үйренеміз. Ондай қасиеттерді мектеп өмірінде қалыптастыруға болады.
Біздің мектебімізде өзін-өзі басқару жүйесі бар. Демек, оқушылар мектептегі өз өмірлеріне байланысты мәселелерді өздері шешеді деген сөз. Мектебіміздегі өзін-өзі басқару ұйымы – кеңестер алқасы сол үшін сайланған. Егер оқушылардың өмірінде әлдебір мәселе туындаса, кеңестер алқасы оны мектеп директорына жеткізеді. Кеңестер алқасы бүкіл оқушылардың атынан сөйлейтінін директор біледі. Ал егер балалар сабақтан тыс уақытта іс-шаралар ұйымдастырғысы келсе, мысалы, спорт мерекесін өткіземіз десе, кеңестер алқасы оны ұйымдастыруға көмектеседі.