ӨЗІМ ТУРАЛЫ

Алғаш рет оқуға келген күнім

1. Өлең жолдарын оқы. Алғашқы қоңыраудың үнін естіген кезіңді есіңе түсір. Бір-біріңе сұрақ қой.
      Бірінші қыркүйек күнімен!
      Аңқыған жұпар гүлімен
      Келіп ем, қарсы алар мектебім
      Сүйкімді қоңырау үнімен..

2. Бала Ахмет оқуға қалай келіпті? Мәтінді түсініп оқы.

Ахмет
Байтұрсынұлы
(1873–1938)

Мен қалай оқуға бардым?

  Менің Әбіш деген құрдасым бар еді.
  Әкесі оны оқуға берді. Бір күні ойнайын деп бардым. Әбіш кітап оқып отыр екен. Тыңдасам, кітабында жұмбақ, мақал, өлең, басқа да жақсы сөз көп екен.
  «Оқу үйренсем, мен де сондай оқыр едім» деп ойға қалдым. Үйге қайтып келдім. «Оқуға барамын!» дедім. Әкем мен апам бұл ойымды ұнатты. Ертеңіне әкем мені оқуға апарды.

3. Бала Ахметтің оқуға келген күнгі көңіл күйі қандай болды деп ойлайсың?

4. Сызбаға сүйеніп, Ахмет Байтұрсынұлытуралы әңгімеле.

5. Аспанға ұшып бара жатқан шарларды ұстап қал. Олардан нақыл сөз құрастыр. Нақыл сөздің мәнін түсіндір.

6. Шарлардың түсіне мән бер.
Бұл сөздерді сен қандай түспен бояр едің? Неліктен?

7. Жазушыға еліктеп берілген ойды жалғастыр. Оқу үйренсем ….

Атамұра

×
×

Корзина