ӨЗІМ ТУРАЛЫ

Кітап оқи аламын

1. Сен қандай кітапты оқығанды ұнатасың?

– күлдіргі оқиғалы;
– қорқынышты оқиғалы;
– таңғажайып оқиғалы;
– деректі оқиғалы;
– ешқандай оқиғасы жоқ.

2. Қартқожа қандай кітап оқыған деп ойлайсың? Мәтінді түсініп оқы.

Жүсіпбек
Аймауытов
(1889-1931)

Кітап оқу

  Жазық, кең дала. Жел жоқ. Күн шуақ. Аспанда – ақ сабынның көбігіндей, ақ мақтадай ақ бұлттар. Анда-санда шық-шық еткен торғайдың даусынанбасқа ешбір тықыр не бір үн естілмейді.
  Қартқожа жазық далада. Көйлекшең, жалаңбас. Көк шөпке бауырын төсеп, күнге қарап, қошқыл маңдайынан тері шып-шып шығып, кітабын оқып жатыр.
  Оның кітапқа ынталанғандығы сонша, жан-жағынада қарамайды. Анда-санда мұрнын да тартып қояды. Өзінің айдалада жатқанын да, ауылын да, басқа дүниені де ұмытты. Оқыған сайын ажарланады. Иегін созып, көзін қадап, қағазды жеп қоятын тәрізді.

3. Топқа бөлініп, мәтіннің әр азат жолындағы көркем ойларға сай тақырып таңда.

4. Суретке зер сал. Мәтіндегі жазушы қолданған сөздерді пайдаланып, әңгіме құрастыр.

5. Әңгіменің авторын ата. Сызбаны пайдаланып, әңгімеле.

6. Өзіңнің оқыған кітаптарың туралы ойыңды кестеге түсір.

Атамұра

×
×

Корзина