ӨЗІМ ТУРАЛЫ

Менің сүйіп тыңдайтын әндерім

1. Мақал-мәтелдердi түсiнiп оқы. Жаттап ал.

  • Бiрлiгi жоқ ел тозады,
    Бiрлiгi күштi ел озады.
  • Саусақ бiрiкпей,
    Ине iлiкпейдi..

2. Жасырын тұрған сөзді тап.

сәндi киiнiп, ерекшеленiп жүретiн серi әншi.

3. Бiржан сал туралы өлеңдi түсiнiп оқы.

Сәкен
Сейфуллин
(1894-1938)

Бiржан

Қазақта даңқы шыққан Бiржан ақын
Келтiрген сұлу өлең, сөздiң нарқын.
Сан топта, сан жүйрiкпен жарысқанда,
Келмеген қапталына ешкiм жақын.

Көтерiп көкiректi ырғағанда,
Дауысын шарықтатып шырқағанда,
Дауысы алты белден естiлетiн,
Құлаштап домбыраны бұлғағанда.

4. Өлеңнің авторын ата. Кестені пайдаланып әңгімеле.

5. Әншіден сұхбат алуға дайындал. Өзің әндерін сүйіп тыңдайтын әншімен кездескен жағдайда, оған қандай сұрақтар қояр едің? Сұрақтарыңды дәптерге жаз.

6. Бiржан салдың әншiлiгi туралы өлеңде не айтылған?

7. Сен қандай әндерді білесің? Өзің сүйіп тыңдайтын,
жақсы көретін әндерің туралы айт.

Ү л г і : Мен «…» әнін сүйіп тыңдаймын. Оны … айтады. Маған осы әншінің … ұнайды.

Атамұра

×
×

Корзина