ӨЗІМ ТУРАЛЫ

Үйдегі бір күнім

1. Суреттерге зер сал.

Нені қызыға орындайсың?

Нені ұнатпайсың?

2. Уақытты дұрыс пайдаланбау,
құр ойнау неге әкеліп соғады екен? Мәтінді түсініп оқы.

Жақан Смақов
(1932-1975)

Апаның тілін алса егер…

Мезгілсіз жүріп күн бойы,
Мерзіммен тамақ ішпесе,
Демалыс жоқ, күнде ойын,
Мерзіммен суға түспесе,
Қолында мұндай баланың
Күш болмайды, күш десе.
Қолынан мұндай баланың
Іс келмейді, іс десе.
Күн-күн сайын солады,
Шынашақтай болады.

Апаның тілін алса егер,
Тамақ ішсе – іш десе,
Демал десе – демалса,
Суға түссе – түс десе,
Қолында мұндай баланың
Күш болады, күш десе.
Қолынан мұндай баланың
Іс келеді, іс десе!
Шынығып өсіп, толады,
Үлкен жігіт болады!

3. Өлеңді кім жазған? Ол туралы не білесің? Сызбаға сүйеніп әңгімеле.

4. Өлеңді берілген бөліктер бойынша оқы. Қандай ой түйдің?

1. Уақытты дұрыс пайдалану.
2. Құр ойнау.

5. Ойланып, өзіңнің бір тәулікке арналған күн тәртібіңді жаз.
Досыңның уақыт кестесі туралы пікір білдір.

6. Жақан Смақовтың «Апаның тілін алса егер» деген өлеңі бойынша кестені толтыр.

Апаның тілін алса егер…
Апаның тілін алмаса…

7. Мына екі балаға қандай сұрақ қояр едің?

Апасының тілін алатын балаға __________________ ?

Апасының тілін алмайтын балаға _______________ ?

Атамұра

×
×

Корзина