Өнер алды – қызыл тіл

Тақырып пен негізгі ойды анықтайсың.

1. Түсiнiп оқы. Өз сөзiңмен түсiндiр.

Билердің сөзі – ақылдың көзі.

2. Мәтінді тыңда.

  Әйтеке би – қазақтың үш биінің бірі. Бұхара мен Самарқан медреселерінде араб-парсы тілдерін үйренген. Даудың шешімін айтқанда Әйтеке би әділдігімен әрі тапқырлығымен ерекшеленген. Содан да болар, халық «Әйтеке жарып айтады» деп риза болған.

3. Түсініп оқы.

  Әйтеке бидің шешендігі

  • Ашу бар жерде ақыл тұрмайды.
  • Ашу деген – ағын су,
    Алдын ашсаң, арқырар.
    Ақыл деген – дария,
    Алдын тоссаң, тоқырар.
  • Кісіге бірге туыспау керек,
    Туысқан соң, сөз қуыспау керек.
    Сөз қуған пәлеге жолығады,
    Жол қуған олжаға жолығады.
  • Ағасы келсе, ардақтап атын байлағандай,
    Қонағы келсе, құрметтеп жайлағандай.
    Тындырымды інісі болса,
    Қанат-құйрығы сай болып,
    Ағаның алар тынысы болса,
    Көңілі жай болып.
    Інінің міндеті – басқару,
    Ағаның реті – бас бағу емес пе?!
  • Екі адам керіссе, оның арты – қызыл шоқ.
    Серік Негимов.

«Шешендік сөздер» кітабынан

Орфографиялық Сөздік

шешендік
тақырыбы
негізгі ойы
сөзге тоқтау

4. Әйтеке бидің шешендік сөзін сәйкестендір.

5. Әйтеке бидің әр нақыл сөзіндегі тақырыпты анықта. Негізгі ойды білдіріп тұрған сөйлемді тап.

6. Әйтеке бидің шешендік сөздерін жаттап ал.

7. Әйтеке би туралы не білетініңді анықта.

×
×

Корзина