Асыл сөз
Атам менің әманда
Әдепті жан бол деген.
Асыл сөзі санамда –
Жасы үлкенге жол берем.
Алдын орап кісінің
Кесіп өтпей көлденең,
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп, қол берем,
Атам менің әманда
Кішіпейіл бол деген.
Асыл сөзі санамда –
Мақтанбауды жөн көрем.
Өзімді мен өзгеден
Санамаймын жоғары.
Әуес боп жел сөзбенен
Көргенім жоқ мен әлі.