Күй құдіреті

Шығармадағы көркем ойды жалғастырасың.

1. Жұмбақты шеш.

Қос қазық, екі желі, сегіз ноқта,
Сөйлейді шежіредей адам соқса.
Тағы бір мінезі бар таңғажайып,
Ешуақыт сөйлемейді адам жоқта.

2. Аңызды түсініп оқы.

Күй құдіреті

  Бірде Фараби әмір сарайына барыпты. Онда әкімдер, ғалымдар, өнерпаздар көп жиналған екен. Қыпшақтарша киінген Фараби елеусіз ғана бір шеттен орын алады. Ол өзі жасап алған домбырасымен күй тартса, жұрттың бәрі күліп, мәз-мейрам болады. Енді бір күйін тартқанда, әлгілер қамығып, жылай бастайды және бір күй тартқанда, бәрі маужырап, ұйықтап қалыпты. Фараби «Бұл күйлерді тартқан – қыпшақ әл-Фараби» деп хат жазыпты да, өзі сарайдан шығып кетіпті. Әмірші оны қанша іздесе де, таба алмапты.

Қыпшақ – рудың аты.
Құдiретi – күшi, қасиетi.

3. Суретке зер сал. Күйші қандай күй тартып отыр деп ойлайсың? Неліктен?

4. Фараби тартқан күйдің құдіреті неде деп ойлайсың? Мәтінге сүйеніп, жауап бер.

5. Әмірші Фарабиді неге іздеді деп ойлайсың? Болжа.

6. «Кім жылдам?» ойыны. Суреттегі домбыраның әрбір дыбысынан басталатын өнерге қатысты сөздерді тап.

Орфографиялық Сөздік

күй өнері
күйші
күйдің құдіреті
көркем ой

7. Қандай күй тыңдағанды ұнатасың? Қазіргі өнер сахнасындағы күйшілерді білесің бе?

Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрі

×
×

Корзина