Білесің бе бұл істі? Зергерлікке кім дайын? Балқытып ап күмісті, Сапырады судайын, Осы жұмыс ырғағы. Білезік пен алқаны, Сақинаны, сырғаны Күміс сымнан тартады.
Көрсең, қайран боларсың – Мақтанышы ол – бір елдің. Күмістейді тағасын, Таралғы мен жүгенін. Демеңіздер бұл қалай, Күмісті де илеген… Осы өнерді мұрадай Зергерлерден үйренем!