ӨЗІМ ТУРАЛЫ

Өзім туралы өзім айтамын

1. Өзіңді жақсы жағыңнан қалай таныстырар едің?

Ү л г і : Мен мейірімдімін.
            Өйткені …
            Мен өнерлімін.
            Өйткені …
            Мен шыншылмын.
            Өйткені …

2. Мәтінді түсініп оқып, жаттап ал.

Қадыр Мырза Әлі
(1935-2011)

қорықпау

Не үшін?

– Екі көзің не үшін керек?
Жақсыларды көру үшін!
Екі қолың не үшін керек?
Елге көмек беру үшін!
Құлақ деген не үшін керек?
Ақыл-кеңес тыңдау үшін!
Жүрек деген не үшін керек?
Жауларымнан қыңбау үшін!
Тіл мен жағың не үшін керек?
Ақиқатты айту үшін!
– Ал аяғың?..
– Шетте жүрсем,
Туған жерге қайту үшін!

3. Сызбаны пайдаланып, автор туралы әңгімеле.

4. Өлеңдегі қою әріппен жазылған сөздерді дауыс
ырғағын дұрыс қойып, мәнерлеп оқы.

5. Кестедегі сұрақтарға жауап бер.

6. Айнаға қарап, өзіңді сипатта. Мәтіндегі ақынның
сөздерін пайдалан.

Ү л г і : Менің көзім қара. Көздерім жақсыларды көру үшін керек.

Атамұра

×
×

Корзина