Арман таңнан заулайды,
Тайбурылдан аумайды.
Төбешіктен қарғиды,
Көк шалғынға аунайды.
Алаөкпе боп ес кетіп,
Етек, жеңі бос кетіп,
Арман үйге алқынып,
Оралады кештетіп.
Аппақ көйлек көк болған,
Көп түймелер жоқ болған.
Шынтақтары сырылып,
Шашына шаң, шөп қонған.