Жанартаулардың атқылауы мен цунамиды айтпағанда, біздің елімізде де әртүрлі табиғат апаттары болып тұрады. Кей облыстарда құрғақшылық, қатты аяздар, су тасқыны, шаңды дауылдар, аптап ыстықтар және даладағы өрт тәрізді оқиғалар оқтын-оқтын орын алады. Таулы аумақтарда жер сілкінісі мен сел тасқыны болуы ықтимал.