ӨЗІМ ТУРАЛЫ

Менің үйім

1. Жұмбақтарды шеш.

1. Ұқсайтын шеңберге
    Қабырғасы жиылып, керіледі.
    Жиһазы мол бөлме,
    Төбесінен жұлдыздар көрінеді.

2. Бассаң бір түймесін,
    Есігі ашылған.
    Керемет күймесі
    Кісіні тасыған.

2. Мәтінді түсініп оқы. ​

Абайдың шаңырағы

  Үй iшiне кiргеннен кейiн Әуез де көпке дейiн үнсiз бiр орында тұрып қалды. Оң жақта сүйек төсек тұр. Одан жоғары орналастырылған кiтап шкафы, әсiресе үш iшектi домбыра Әуездiң көзiне жылы ұшырап, ыстық көрi нiп кеттi.
  Төр алдында жазылған қызыл күрең кiлемнiң үстiндегi жеке-жеке қонақкөрпелер мен дөңгелек үстел Абайдың да алыста жүрмегенiн аңдатқандай сезiм құшағына бөледi. Қазiр, қазiр-ақ Абайдың:
– Нағашы, төрлетiңiз! – деген қоңыр дауысы естiлетiн сияқты.
  Қатты толқуға түскен Әуез:
– Алда, қарағым, Абайжан-ай! – деп қалды.
  Үлкен адамның қобалжыған күйiн аңғарған Кәрiм:
– Ау! – деп сөз аралатты, – нағыз сахараның ақ күмбезi ғой – мынауыңыз.
  Көз талдыра жан-жағына қарасқандардың үнсiздiгiн әлден соң Әуез бұзды:
– Қайырлы болсын! Бiз бұдан артық не тiлеймiз, бәрiңе де рақмет!
  Осылайша тiлек еткен Әуез төрге шығып, жайласқан едi.

қой жүнiнен тоқылған төсенiш.

жақтауларына сүйектен өрнек салып,
әшекейленген ағаш төсек.

Ертай Ашықбаев

3. Мәтіннен Абай атаның үйін сипаттайтын сөздерді тап.

4. Кестені толтыр. Салыстыра сипатта.

5. Өз бөлмеңнің қандай болғанын қалайсың? Әңгімелеп айт.

6. Ойланып жауап бер.

  Бір адам көп қабатты үйдің он алтыншы қабатында тұрады. Лифтімен көтерілгенде оныншы қабаттың түймесін басады. Әрі қарай жаяу барады. Ал төмен түсерде бірден бірінші қабаттың түймесін
басады. Неліктен деп ойлайсың?

Атамұра

×
×

Корзина