МЕНІҢ МЕКТЕБІМ

Мектеп – біздің анамыз

1. Сөзжұмбақты шеш. Сөзжұмбақтың торкөздерiн толтыр. Көк жолақты торкөздегi сөздi дауыстап оқы.

1. Оқыған сайын өседi,
    Ғаламның сырын шешедi.

2. Құштар болып оқу менен бiлiмге,
    Бiз барамыз қыркүйектiң бiрiнде.

3. Елдері мен қаласы,
    Ойпаты мен даласы
    Теп-тегіс тақтай-ды,
    Өзені де ақпайды.
    Тоғайы мен тауы бар,
    Бұл – не? Өзің тауып ал.

4. Бiр сандық бар қасыңда,
    Iшi толған ақылға.
    Болғың келсе бiлiмдi,
    Оған қарай жақында.

5. Келiп тұрар әр күн сайын жаңарып,
   Жазылыпты онда түрлi жаңалық.

6. Адасқанда алсаң қолыңа,
    Бағыт берер жолыңа.

2. Өлеңді түсініп оқы.

Мектеп – біздің анамыз

Күзге сүйеп күн иек,
Болып қапты қыркүйек.
Қырманды жұрт алыпты,
Дәнге батып қалыпты.

Жемістер де пісіпті,
Жерге үзіліп түсіпті.
Шөп буыны қатыпты,
Шөмелені ел тасыпты.
Межелі кез болыпты,
Мектеп есік ашыпты,
Күн сәулесін шашыпты.

Мектебін аңсап, сағынып,
Балалар келер ағылып.
Ашылған гүлдей арайлы,
Көшенің бәрі қарайды.

Ықылас, ынта раймен,
Ерекше жарқын шыраймен,
Жүздері жайнап қуанып,
Шоқ-шоқ қызыл гүл алып,
Мектебіне келеді.

Өтебай
Тұрманжанов
(1905-1978)

уақыт күзге айналып.

шошайтып үйілген шөп

астық бастыратын ашық алаң

мөлшерлі уақыт

3. Өлеңнің авторын ата. Сызбаны пайдаланып әңгімеле.

4. – Келесі беттегі суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген? Оны қайдан білдің?
– Балалардың көңіл күйі қандай?
– Оқудың басталған алғашқы күні екенін неден аңғардың?

5. Осы сурет пен «Мектеп – біздің анамыз» өлеңін салыстыр:

6. Өз мектебің жайлы әңгімеле.

7. Мектебіңнің қандай болғанын қалайсың? Сұлбасын қағазға түсір, әңгімеле.

Атамұра

×
×

Корзина