МЕНІҢ МЕКТЕБІМ

Менің оқулықтарым

1. Нақыл сөзді түсіндір.

Кітап – білім бұлағы,
Білім – өмір шырағы.

2. Өлеңді түсініп оқы. Жаттап ал.

Оқулық

Саған білім жемісін
Оқулығың береді.
Талай адам сол үшін
Маңдай терін төгеді.

Оқулықты құрметте,
Күтіп ұста, кірлетпе.
Кішілерге табыс ет,
Дақ түсірмей бір бетке.

Несіпбек Айтов

3. Өлеңнің авторын ата. Сызбаны пайдаланып әңгімеле.

4. Мектепте қандай пәндерді оқисың? «Әдебиеттік оқу» оқулығына зер сал.
Мына кестені дәптеріңе толтыр. Басқа оқулықтарыңды да алып қара.
Бос уақытыңда осы кестені жалғастырып толтыр.

5. Өлең жолдарындағы ақынның ойын жалғастырып көр.

6. Оқулығың туралы әңгімеле.

  Үлгі: «Әдебиеттік оқу» оқулығының авторы … .
Ол «…» баспасынан шыққан. Оқулықтың редакторы – … . Суретшісі – … .

Атамұра

×
×

Корзина