Жасанды ортадағы қауіп-қатерлер

СЕН:
– үй жағдайындағы қауіп-қатерлер туралы білетін боласың.
– отпен, сумен және газбен жұмыс істеудегі қауіпсіздік ережелерін үйренесің.

Есіңе түсір!

  Сызбаға қарап, адамның қандай ортада тіршілік ететінін айт. Жанды және жансыз табиғатқа мысалдар келтір. Адамның жасанды тіршілік ортасына не жататынын ойланып айтып бер.

  Біз жасанды ортада өмір сүреміз. Бұл – адамның қолымен жасалған және табиғат тәрізді өз бетінше жеке тіршілік ете алмайтын қоршаған ортаның бір бөлігі. Адам баласының өз қажеті үшін жасаған дүниелерінің бәрі жасанды ортаға жатады.

Сұрақтар мен тапсырмалар

Суреттегі тұрмыс құралдарын алдымен олардың адамға тигізетін пайдасы тұрғысынан, содан кейін қауіптілігі жағынан қарастырып көр.

Бұл құралдардың бәрін адам өзіне қолайлы болуы үшін жасады. Бірақ кез келген зат қауіпті әрі қауіпсіз болуы мүмкін. Адам заттарға «жан бітіреді». Көп нәрсе біздің өзіміздің іс әрекетімізге байланысты істерден туындайды. Егер адам оларды дұрыс пайдаланса, қасиеттерін білсе, олар ешқашан зиянын тигізбейді.

Есіңде сақта!

Жұптық жұмыс

Суреттердегі жағдайларды талқыға салыңдар. Сендер жолдастарыңа қандай кеңес бересіңдер?

  Жер үйде немесе пәтерде өрт шығуы, газ таралуы, суқұбырының жарылуы мүмкін.
  Өрт шыққанда не істеу керек?
  Егер пәтерде бір нәрсе жана бастаса, отты жылдам сөндіруге тырысу керек. Ол үшін ең дұрысы жанған нәрсенің үстін көрпемен жаба салу. Ауа болмаса, от жылдам сөнеді. Ал егер от жалыны өрши бастаса, арнаулы орындарға хабарласу керек.

ӨРТ КЕЗІНДЕГІ ӨЗІН-ӨЗІ ҰСТАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Ыстық электр құралдарына
су шашуға болмайды!

Терезені ашпа!

Өрт кезінде тығылуға болмайды!

Үйден тез шығып, қабырғаны бойлап жүру және түтінді жұтпас үшін мұрынды дәкемен жап!

Өрт кезінде көршілерден көмек сұра және өрт сөндірушілерге хабар
беруді өтін!

Көтерме сатыларды пайдаланба!

Сұрақтар мен тапсырмалар

Суреттер мен мәтіндерге қарап, өрт шыққандағы іс-әрекет ережесі туралы айтып бер.

Бөлмеге газ таралғанда не істеу керек?

Сұрақтар мен тапсырмалар

Суреттерге қарап, газ таралғандағы іс-әрекет (78-бет) туралы айтып бер. Суретші қандай ережені салуды ұмытып кеткен? Сен ол ережеге қатысты қандай сурет салар едің?

Есіңде сақта!

Пәтерден газдың иісі көп шыққанын байқасаң, бірден 104 нөмірі арқылы газ қызметкерлеріне хабарлас.

Құбыр жарылғанда не істеу керек?

  Бірінші суық су мен ыстық су келетін тетікті жабамыз. Егер құбыр жарылып, жабу мүмкін болмаған жағдайда ата-аналарыңа хабар беріңдер. Немесе 112 нөміріне қоңырау шалып көмек сұра. Көршілерге де хабарласуға болады.

Сұрақтар мен тапсырмалар

Суқұбыры жарылған жағдайда не істейтініңді айтып бер. Сен оның ережелерін қалай бейнелейтін едің?

Өзара талқылай отырып, газбен, сумен және тұрмыс құралдарымен байланысы жоқ «Үйдегі жеке қауіпсіздік ережесін» жасаңдар. Айтатын кеңестеріңді дәйектеңдер.

Сұхбат, талқылау

Бақылау,
зерттеу

Пәтердегі құбырдың кранынан су тамшылап тұр делік. 6 минуттың ішінде стақан толады. Егер 5 стақан су 1 литр деп есептесек, бұзылған краннан 1 сағатта қанша су аға- ды? Тәулігіне қанша су ағады деп ойлайсың?

×
×

Корзина