1. Білім мен тәлім Парақтап ашқанда, Беттерінен мәлім.
2. Ілулі тұр кең алаң, Керегімді мен одан Жазып алам көшіріп, Сүртем сосын өшіріп.
3. Жұқа тақтай бөлшегі – Ұзындықтың өлшемі.
2. Түсініп оқы.
Сапар мен парта
(Мысал)
Бір күні мен Сыныпқа кіріп ем. Сапарға көзін аларта Көтерді басын бір парта. Жан-жағына қарап қойып, Ернін кезек жалап қойып, Сөйлеп кетті асырмастан Болған істі жасырмастан: – Есіктен күзде аттап едім, Онда өзім аппақ едім. Сапар келіп жайғасты. Содан бірер ай да асты; Кітабын, басқа керегін, Кеткенше сақтап беремін. Сонда да тыныш қоймады, Бетімді сызып ойнады.
«Сапар» деп жазды өз атын, Болдым әбден тозатын. Айта берсем – масқара-ақ, Дәл желкемнен ұстап ап, Есіктен төрге сүйретті, Сүйегімді күйретті…
*** Сөйлемей парта көп артық, Қарады көзін алартып. Үнсіз қалды Сапар да Сол жерде мұрнын бір тартып.