МЕНІҢ МЕКТЕБІМ

Мектепке барып келемін

1. Сызбаға сүйеніп, Міржақып Дулатов туралы әңгімеле.

2. Өлеңдерді түсініп оқы.

Міржақып
Дулатов
(1885-1935)

Мектепке

Ашық күнде жарқырап,
Жаңа жауған жатыр қар.
Адамдардың беттерін
Домбықтырып тұр ызғар.

Жатырсыңдар неге ұйықтап?
Күн шығып қалды, балалар.
Таңертеңгі аязбен
Мектебіңе жөнел, бар.

Міржақып Дулатов

Мектептен

Мектептен қайтып балалар,
Қызарып беті суықтан.
Үй алдында Майлыаяқ
Жатыр еді суықтап.
Құйрығын бұлғап еркелеп,
Қылды ықылас шындықтан.
Күле шулап кірсе үйге,
Самауыр тұр бу шыққан.
Тойып алып тамаққа,
Балалар жатып тыныққан.

Міржақып Дулатов

3. Екі өлеңді салыстыр.

4. 86-беттегі самауырдың суретіне зер сал. Осы суретке
сай келетін өлең жолдарын тап. Сен қандай сурет салар едің?

5. Өзің туралы әңгімеле.

6. Ойланып жауап бер.

  Сабақтан кейiн ата-анаңды тосып жүр едiң.
Әдемi көлiкпен келген бейтаныс адам саған:
– Менi сенiң әкең жiбердi. Жүр, үйiңе апарып тастайын, – дедi.
  Сен не iстейсің?

Атамұра

×
×

Корзина