МЕНІҢ ТУҒАН ӨЛКЕМ

Менің Отаным – Қазақстан

1. Сөзжұмбақты шеш.

1. Қалың ағаш өсетін нулы жер қалай аталады?
2. Отбасыңдағы әке атауы.
3. Ел сөзін басқаша қалай айтуға болады?
4. Мемлекеттік рәміздеріміздің бірі

  • Жасыл бояулы торкөздердегі сөзді дауыстап оқы.
  • Отан сөзін басқаша қалай айтуға болады?

2. Қою әріппен жазылған сөздерді іштей оқы.
Көп нүктенің орнына осы сөздерді қойып, дауыстап айт.

  Отаным, туған жерім, атамекенім, туған өлкем, туған елім.
  Менің … – Қазақстан.

3. Өткен сабақтарда Қартқожа туралы әңгіме оқығансың.
Ол – қай жазушының кейіпкері еді? Ж. Аймауытов туралы білетініңді
төмендегі сызба бойынша дәптеріңе түсір.

«Қартқожа»

4. Қартқожа туған жерін қалай жақсы көретінін білгің келе ме?
Онда төмендегі әңгімені оқы.

Қартқожаның туған жері

  Қас қарайды. Қой өрістен келді. Арбаны төңіректеп, сүйкеніп сиырлар тұр. Үй басы есік алдына от жағып, кешкі сиырдың сүтін пісіріп жатыр. Қартқожа үйге сүйеніп, ашамайды шынтақтап, ауылға қарап отыр. Оған ауыл біртүрлі жылы, біртүрлі қызықты, ет бауыр жақын болып көрінді. Қоңырсыған сүт, қайнатқан қаймақ иісі де тәтті. Күлімсі шуаш иісі шыққан қойлар да бірге туғандай. Түтіннің иісі де күндегіден жағымды тәрізді.
  Ыстық қой, шіркін, туған жер! Кім сүймесін өз жерін? Сүймесе – зердесіз сүймес. Жүрегі шерсіз, тілеуі бөлек, жетесіз сүймес… Туғалы ұзап шықпаған, бауырмал әжесінің бауырында еркелеп өскен үлбіреген балапан жүректі Қартқожа қайтіп сүймесін?! Қартқожа туған жерін жанындай сүйеді…

Жүсіпбек Аймауытов

әр үй.

балаға арналып, алдыңғы, артқы қастары айқастырылып жасалған ер.

өте жақын туыс.

қайғы-мұңсыз.

ақылсыз, ақымақ.

5. Мәтіннен кешкі ауыл туралы айтылған жолдарды тауып оқы.

6. Қартқожаға не қатты әсер етті?

7. Берілген мәтінді неше бөлікке жіктеуге болады? Әр бөлікке ат қой.

8. Қажетті сөздерді жаз.

9. Мәтін бойынша берілген суретке зер салып қара. Сурет бойынша әңгіме құра.

Атамұра

×
×

Корзина