Менің жасанды ортадағы қауіпсіздігім

СЕН:
– көшедегі қауіпсіздіктің негізгі көздерін есіңе түсіресің.
– өз қауіпсіздігіңді жоспарлауды үйренесің.

Есіңе түсір!

Күн сайын таңертең үйден шыққан адамға ойда жоқ нәрсенің бәрі кез болуы мүмкін. Сені қоршаған әлемде қандай қауіп-қатерлер тосып тұруы ықтимал?

  Адамның қолымен жасалған жасанды орта дегеніміз тек баспана ғана емес. Оның құрамдас бөліктері ретінде елді мекендерді, тұрғын үйлерді, жолдарды, көлік құралдарын, техникалар мен басқа да көптеген дүниелерді айтуға болады. Осылардың бәрін адам өзінің өмірін жақсарту үшін жасады. Алайда бұл ортада сан алуан қауіп-қатерлер де кездеседі.
Солардан өзіңді қалай сақтандыруың керек?
Көшеге шыққанда біз не жаяу жүргінші, не велосипед тебуші, не көліктегі жолаушы боламыз. Міне, солардың бәрінде қауіпсіздік ережесін есіңнен шығармауың қажет.

ӨРТ КЕЗІНДЕГІ ӨЗІН-ӨЗІ ҰСТАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Сұхбат, талқылау

Суреттерге қарап, өзара талқылаңдар:
– Мұндай жағдайдың қауіптілігі неде?
– Қауіпті жағдайларды болдырмау үшін өзіңді қалай ұстау керектігін айтып, балаларға кеңес беріңдер.

1. Тек жаяужолмен ғана жүр.
2. Ешқашан көліктің жолымен жүрме және ойнама.
3. Бағдаршамның жасыл жарығы жанғанда ғана жолдан өтуге болады.

Есіңде сақта!

Сен велосипедшісің

Егер саған велосипед сатып әперсе, онымен тек саябақтар мен стадиондарда ғана жүргенің жөн. 14 жасқа дейінгі балаларға көлік жүретін жолда велосипед тебуге тыйым салынған. Ал егер жолдан өту керек болса, велосипедтен түсіп, оны рулінен ұстап, жаяу жүргіншілердің жолымен өтуің қажет.

Топтық жұмыс

Топпен жұмыс істей отырып, «Көшедегі жеке қауіпсіздік ережесі» жадынамасын дайындаңдар.

Өзара талқылаңдар, бұл жағдай неліктен қауіпті?

Сұхбат, талқылау

Сен көліктегі жолаушысың

Жұптық жұмыс

Ережені оқып, оны неге бұзбау керек екенін түсіндіріңдер:
– Көлікте келе жатқанда терезеден басыңды шығарма!
– Қозғалыс кезінде жүргізушіні алаңдатпа!
– Көлікке тек жаяу жүргінші жолы жағынан ғана мінуді және түсуді ұмытпа!

ЖОЛ БЕЛГІЛЕРІНЕ НАЗАР АУДАРЫҢДАР!

  Жол белгілерін есіңе түсір! Сенің алдыңда ескертуші, ұйғарушы және тыйым салушы белгілер. Олардың не «айтатынын» түсінуге тырыс.
  Сенің үйіңнің айналасында да қауіпті жағдайлар болуы мүмкін, сондықтан оны да ескере жүр:
  – құрылыс алаңында немесе трансформатор күркесінің жанында ойнамау;
  – саябаққа немесе орманды жерге жалғыз бармау.

Есіңде сақта!

Жұптық жұмыс

Бұл ережелерді не үшін сақтау қажет екенін парталас көршіңе түсіндір.

  Арман әрдайым сыпайы болу керек, бейтаныс болса да кез келген адам көмек сұраса, бас тартпау керек деп санайды.
  Майра болса қылмыскердің құрбанына айналмас үшін әрдайым өзіңнің қауіпсіздігіңді ұмытпауың керек дейді. Кімнің пікірі дұрыс?
  1-жағдай. Егер көшеде танымайтын адам сені алып келу үшін анаң жібергенін айтса, не істейсің?
  2-жағдай. Егер танымайтын адам сені мәшинеге отыруға шақырып, балалардың бағдарламасына түсіруге алып баратынын айтса, не істейсің?
  3-жағдай. Сен көшеде біреу қалдырып кеткен қапшық тауып алсаң, не істейсің?

Сұхбат, талқылау

Есіңде сақта!

– қауіпті жағдайларды алдын ала байқау;
– мүмкіндігінше одан алшақ болу;
– қажет болған жағдайда ғана әрекет ету.

×
×

Корзина