Бәйтеректің басына сен шықтың ба?
Сарыарқаның саф ауасын жұттың ба?
Өзегіңді жарып аппақ бір сезім,
Өз еліңнің ұлылығын ұқтың ба?
Төгеді Есіл төңірегіне өмірлі ән,
Өз Астанаң өз қолыңмен соғылған.
Енді, қазақ, бір-біріңді аяла!
Түбі бірге, түп қазыққа шоғырлан!
Алатауда қалды жылдар ең асыл,
Есілдің де қандай ыстық жағасы.
Жан даламның –
Алматы мен Астана
Көздерінің ағы мен қарасы!