МЕНІҢ ТУҒАН ӨЛКЕМ

Неткен сұлу, неткен көркем, Осы менің туған өлкем!

1. «Ыстық қой, шіркін, туған жер!», – деп айтқан ақынды ата.
Жазушының ойын қалай түсінесің?

2. Өлеңді түсініп оқы.

Туған өлкем

Көгінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен.
Неткен сұлу, неткен көркем
Осы менің туған өлкем!

Алтын дәнді даласы бар,
Ақ күмістей қаласы бар.
Неткен сұлу, неткен көркем
Осы менің туған өлкем!

Ер еңбегі шалқып, тасқан,
Ел еркіндей бақыт тапқан.
Неткен сұлу, неткен көркем
Осы менің туған өлкем!

Өтебай Тұрманжанов

3. Туған өлкеңнің табиғатын сипаттайтын көркемсөздерді теріп жаз.

4. Берілген өлең жолдарын өз бетіңше жалғастыр.

Неткен сұлу, неткен көркем
Осы менің туған өлкем.

5. Өлеңді жаттап ал.

6. Шетелден келген қонаққа туған өлкеңді қалай таныстырар едің?
Ойыңды жүйелі, мазмұнды етіп айтуға үйрен.

Атамұра

×
×

Корзина