Мәншүк
Сiлкiнтiп зеңбiректер жердiң жүзiн,
Оқ борап, снарядтар қаққанда ызың,
Қаптаған қалың жаудан тайсалмаған
Мен көрдiм пилоткалы қазақ қызын.
Қолында пулемётi «Максим» оның,
Бойында күш-жiгерi тасқын оның.
Ерлермен тiзе қосып шабуылда,
Оғымен қырғын майдан ашты жолын.
Көзiнен ұшқын өрттей лапылдаған,
Жауына қаһар тiгiп қатуланған.
Отан үшiн шайқасқан ауыр күнде,
Төнсе де өлiм қаупi, жасымаған.
Сәду Машақов