Мерген қыз

Нақыл сөздерді түсінесің және қолданасың.

1. Түсiнiп оқы және дәптеріңе жазып ал.

Әлия Молдағұлова – Ұлы Отан соғысына қатысқан мерген, батыр қыз.

2. Белгiлi ақын Сағи Жиенбаевтың Әлия туралы өлеңiн дұрыс, түсiнiп оқы.

Әлия Молдағұлова

              Әлия

Даламыздың даңқысың,
Балауса гүл – балғын қыз.
Жанын қиып халқы үшiн,
Жанып түскен ақ жұлдыз.

Мәңгi жасап жерде ендi,
Биiк бол деп таулардан,
Сенiң балғын бейнеңдi
Жасап қойдық мәрмәрдан.

Бiрге соқсын дүрсiлдеп,
Туған жермен жүрегiң.
Ауасында жүрсiң сен –
Әнге қосып жүр елiң.

Сағи Жиенбаев

Орфографиялық Сөздік

мерген
батыр қыз
ерлік

  Мәрмәр   –    құрылыста пайдаланылатын сәндi жылтыр тас.

3. Түсініп оқы, өлеңнің авторы туралы әңгімеле.

Сағи Жиенбаев – ақын

  Сағи Жиенбаев (1934–1994) Ақтөбе облысы Байғанин ауданында дүниеге келген. Балаларға арналған «Қарлығаш», «Сыйлық» атты жыр жинақтары бар.

4. Өлең шумақтары бойынша сұрақ қойып, жауап бер.

5. Әйтеке бидің әр нақыл сөзіндегі тақырыпты анықта. Негізгі ойды білдіріп тұрған сөйлемді тап.

6. Қажетті сөздерді тауып, нақыл сөздерді дауыстап айт.

×
×

Корзина