1. 2-сыныпта оқығаныңды есіңе түсір. Суретке қарап, сөйле.
2. Өлеңді түсініп оқы.
Айналады ел бір сенен,Есіміңді білсе әлем.Ғарышқа ұшқан қазақтыңТұңғышына мың сәлем.
Тоқтамайды осы аңыз,Біз жолыңды тосамыз.Тоқтар батыр ерлігінКүнде өлеңге қосамыз.
Ерлік пенен жыр егіз,Оны жастан білеміз.Біз Тоқтардың есімінТу ғып ұстап жүреміз.
Тұманбай Молдағалиев
Орфографиялық Сөздік
ғарышкерзымырансауалнамасұхбат
3. Өлеңді жаттап ал.
4. Өлеңді тыңда.
Көшемізде көп балаЖиналады топтала.Соқпайды олар аққала,Жүгірмейді доп қаға.
Ойнамайды «соғысты»,Ұнатпайды бұл істі.Баяғыдай асықтыАтудан да қашыпты.
Енді олардың өнері –Зымыранның моделі.Бірі қазып үңгірді,Орнатар мықты тұғырды.
Қояды оған төндіріп,Зымыранын қондырып.Енді бірі газ беріп,Басқасы қарар мәз болып.
Шүріппені бірі басқанда,Ұшты зымыран аспанға……Ғарышты құшар кез келіп,Ойын да кетті өзгеріп.
Бүркіт Ысқақов
Зымыран – ғарыш кемесі.Моделі – бейнесі, үлгісі.Ғарыш – ауасыз кеңістік, аспан әлемі.
5. Ойларыңды тақырыпқа сай жүйелеп айтыңдар.
1-топ. Ғарышкер болу үшін …2-топ. Ғарышкер болсам …
6. Егер журналист болсаң, қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтен сұхбат алу үшін қандай сұрақтар қояр едің?
Сауалнама – берілген сұрақтарға жауап беру арқылы ақпарат жинау.
7. «Ғарышкер» атты 5 жол өлең құрастыр.
Корзина