1. Су сөзіне қатысты 5 сөз және 5 сурет ойластырыңдар.
2. Өлеңді рөлге бөліп, мәнерлеп оқуға жаттық.
Жануарлар суды қалай iшедi?
Жылқы
-Жан-жағына елеңдеп, Үзiп-үзiп iшедi.Тұнық суға тереңдеп, Жүзiп-жүзiп iшедi.Себебi не сондағы?-Тым талғампаз болғаны.
Қой
-Бас алмастан сiмiрiп, Демде қанып алады.Томпаң-томпаң жүгiрiп, Өрiске ұзап барады.Себебi не сондағы?-Адал, момын болғаны.
Түйе
-Ұзын мойнын қашыққа Бұрып тұрып iшедi.Асық, мейлiң, асықпа, Тұрып-тұрып iшедi.Себебi не сондағы?-Сабырлы, нық болғаны.
Ешкi
-Қойларменен таласып, Иықтасып iшедi.Әркiмге бiр жанасып, Тиiп-қашып iшедi.Себебi не сондағы?-Ұшып-қонба болғаны.
Сиыр
-Қара мұның айласын, Байқап-байқап iшедi.Шаңырақ мүйiз дәу басын Шайқап-шайқап iшедi.Себебi не сондағы?-Сәл мазаңдау болғаны.
Ит
-Шашыратып, шығындап, Жалап-жалап iшедi.Жан-жағына ырылдап, Қарап-қарап iшедi.Себебi не сондағы?-Тым қызғаншақ болғаны.
Мысық
-Көзiн жұмып көлгiрсiп, Жалап-жалап iшедi.Бәрiн өзi бiлгiрсiп, Санап-санап iшедi. Себебi не сондағы?-Сонша сараң болғаны.
Сейiл Боранбаев
Сіміріп – тоқтамастан ішу.Ұшып-қону – ұшқалақ.
3. Мәтінді сахналаңдар.
4. Өзің қандай сусын ішесің? Қандай сусын ішкен пайдалы деп ойлайсың?
5. «Судың денсаулыққа пайдасы» деген тақырыпта сөйлеуге дайындал.
Корзина