Көлде

Ойыңды көркемсөзбен жеткiзесiң.

1. Өлеңді тыңда.

Көл жағасында

Тау етегі көк кілем,
Балауса, раң – шөп кілең,
Өзен бойын жағалай
Өскен мынау қоғажай.
Талма түстің кезі нақ,
Шөлдеп қапты қозы-лақ.

Шөлдеп қапты қозы-лақ.
Қарайды үркіп үйректер,
Не нәрседен сезік ап?
Қашпа, үйректер, сезік ап,
Тимейді ғой қозы-лақ!

Зейнолла Шүкіров

Орфографиялық Сөздік

көл
өзен бойы
шөлдеп қапты
көлдің беті
қамыс

Раң – шөптің аты.
Кілең – барлығы, түгелдей.
Қоғажай – орман ішінде, тоғайда өсетін шипалы өсімдік.
Талма түс – күннің төбеге келген кезі.

2. Тиісті жерінде кідіріс жасап, өлеңді мәнерлеп оқы.

3. Түсініп оқы.

  Күн жаңа ғана көтерiлiп келедi. Жазғытұры кеңпейiл дүние шыққа малынып, маужырап тұр. Бармақ басындай қара ала аралар үлбiреген гүлдерге қонып, бал жинап жүр. Ат тұяғының жапырып кеткен балғын көк шөптерiне жаның ашығандай.
  Жал-жал болып бiткен қалың орманды, қара топырақты құйқалы жер. Көл де көп. Көл бетiнде шомылып болып, айнаға қаранып, сыланып отырған аққу, қаз су бетiне түскен сәулелерiмен сұлулық салыстырып, сырласып отырғандай. Жайылымнан қайтқан мыңдаған үйректер суылдап келiп, көлге қонады. Қыбыр-қыбыр, жыбыр-жыбыр сырласады да, қайта ұшады. Оттады – тойды, су iштi – қанды, ендi қамысты, томарлы көлдердегi ұялары еске түстi. Қайта ұшып кеттi.

Ғабит Мүсірепов

4. Түсініп оқы, мәтіннің авторы туралы әңгімеле.

Ғабит Мүсiрепов – жазушы, драматург, аудармашы

  Ғабит Мүсірепов (1902–1985) Солтүстік азақстан облысы Жамбыл ауданы қазіргі. Мүсірепов атындағы ауылда туған. на жайында жазылған әңгімелерінде на бейнесі қазақы қасиеттерімен көркем ипатталған.

5. Суретке қара. Өлең мен әңгіменің байланысын анықта. Айырмашылығын тап.

6. Мәтіндерге сүйеніп, кестені толтыр.

7. Кестедегі тіркестерді пайдаланып, «Көлде» деген мәтін құрастыр.

1. Көл жағасындағы өсімдіктер.
2. Көлдегі тіршілік.
3. Көлдің пайдасы.

×
×

Корзина