Жердің моделі жіңішке сызықтармен бөлінген.
Глобустың дәл ортасынан көлденең көк сызық қиып өтеді. Ол экватор деп аталады. Экватор Жерді Солтүстік және Оңтүстік жартышарларға бөліп жатыр. Жердің өзінде мұндай сызық жоқ. Оны математи- калық жолмен есептеп шығарған.
Жердің Солтүстік полюсі мен Оңтүстік полюсін жалғап жатқан дөңгелек сызықтар меридиандар деп аталады. Солтүстік және оңтүстік бағыттарды осы меридиандар бойынша көрсетеді. Бұл сызықтардың ұзындықтары бірдей.
Егер осы сызықтардың кез келгенін бойлап ойша саяхат жасайтын болсаң, не Жердің солтүстік нүктесі – Солтүстік полюске, не оңтүстік нүктесі – Оңтүстік полюске барасың. Экватордан басталатын арақашықтықтары бірдей сызықтар параллельдер деп аталады. Параллельдер шығыс не батыс бағытты көрсетеді.