Әр алуан тапсырмалар

I. Берілген сөйлем үзінділерінен «Климат және оның басты белгілері» тізбегін құрастыр.

II. Суреттерге қара. Су басуы мүмкін болатын себеп- терді анықтап, ауызша сипатта.

IІІ. Сөйлемдерді аяқта

  Глобус – ол Жердің _______. Ол _______ ұқсайды. Онда құрлықтар, мұхиттар мен теңіздердің қалай орналасқаны жақсы көрініп тұр. Полюстерді жалғастыратын сызықтар ________ деп аталады. Оның біреуі қою түсті болады. Ол глобусты екі бөлікке ________ және ________ жартышарларға бөледі. Экваторға параллель орналасқан сызықтар ________ деп аталады. Олардың кейбіреулерінің өз атаулар болады _______, _______, ______, ______, _______.

Көмекші сөздер: модель, шар, меридиандар, Батыс, Шығыс, параллельдер, Солтүстік поляр шеңбері, Оңтүстік поляр шеңбері, экватор, Солтүстік тропик, Оңтүстік тропик.

ІV. Ребустарды шеш және бұл заттардың қандай қаупі бар екенін түсіндір.

V. Ұсынылған жауап нұсқаларының дұрысын таңда

1. Көліктер жолдың қай жағымен жүреді?
2. Қалада жаяу жүргіншілерге қай жермен жүруге рұқсат етілген?
3. Ауылдық жерлерде тротуарлар болмаған жағдайда жаяу адамдар жолдың қай жағымен жүрулері керек?
4. Жол қозғалысын пайдаланушылардың бәрі қандай механизмге бағынады?
5. «Жолда жүру ережесі» кімдерге арналған?

Жауап нұсқалары: 1. Жаяу жүргінші. 2. Жүргізуші. 3. Жолдың жиегі. 4. Жүргіншілер жолы. 5. Көлік. 6. Жолда жүру ережесі. 7. Көліктің жолы. 8. Жаяу жүргіншілер өткелі. 9. Бағдаршам. 10. Жол реттеуші.

×
×

Корзина