Тәуелсіздік күні

Ақын өсиетін түсінесің және бағалай білесің.

1. Түсініп оқы. Пікір білдір.

Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін, ең алдымен, азаттық пен білім керек.

Шоқан Уәлиханов

2. Сабақтың атауына мән бер. Бұл қандай күн? Ой бөліс.

3. Өлеңді түсініп оқы.

Бостандық таңы атты

Бостандық таңы атты,
Қазағым, көрiңдер.
Арға ие басшының
Соңынан ерiңдер.

Таң артынан ақиқат
Күн шығады,
Ерiншек, жалқаулық
Әдеттен безiңдер.

Арамдық, аразды
Түбiмен жойыңдар.
Өтiрiк, өсектi
Бiржола қойыңдар.

Намыс, жiгер,
Бойыңа жиып қайрат,
Қажымай адалдық
Жағында болыңдар.

Бiрлiк пен талапты
Еңбекке салыңдар,
Өнерлi елдерден
Өнеге алыңдар.

Шәкәрiм Құдайбердiұлы

Орфографиялық Сөздік

Тәуелсіздік

4. Ақын тәуелсiз елдiң балалары қандай болуы керек дейдi?

5. Нелерден аулақ бол дейдi?

6. Өлеңдегi жақсы-жаман әдеттердi екi бағанға бөлiп жаз, сөздерден үш сөйлем құра.

7. Тәуелсіз Қазақстанның болашағын қалай елестетесің? Ой бөліс.

×
×

Корзина