Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп, жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнім.
Сол тілмен шешем мені әлдилеген,
Еркелеткен «құлыным, жаным» деген.
Сол тілменен бірінші білгізілген
«Ана» деген сүйгендік сөз һәм менен.