Отанымды сүйемін

Мәтіндегі ойды өрбіте жалғастырасың.

1. Мақал-мәтелдерді түсініп оқы. Пікір білдір.

1. Отанды сүю отбасыңнан басталады.
2. Елін сүйген ерлік істейді.
3. Бұлбұл гүлзарын сүйеді,
    Болар жігіт Отанын сүйеді.

«Бабадан қалған асыл сөз» кітабынан

2. Мәтінді тыңда.

Үш бақытым

Ең бiрiншi бақытым – Халқым менiң,
Соған берем ойымның алтын кенiн.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менiң.

Ал екiншi бақытым – Тiлiм менiң,
Тас жүректi тiлiммен тiлiмдедiм.
Кей-кейде дүниеден түңiлсем де,
Қасиеттi тiлiмнен түңiлмедiм.

Бақытым бар үшiншi – Отан деген,
Кiм мықты? – десе бiреу, – Отан дер ем.
…Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен.

Мұқағали Мақатаев

3. Түсініп оқы, өлеңнің авторы туралы әңгімеле.

Мұқағали Мақатаев – ақын, аудармашы

  Мұқағали Мақатаев (1931–1976) Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасаз ауылында туған. «Өмір – дастан», «Аманат» атты өлең жинақтары жарық көрген. Оның өлеңдеріне көптеген әндер жазылды.

Орфографиялық Сөздік

халық
тіл
Отан

4. Бақыт ұғымына 5 сөз ойластыр.

5. Өлеңдегі ақын ойын өрбітіп көр. Тағы нені бақыт деп санайсың?

6. Өлеңді жаттап ал.

×
×

Корзина