Айт құтты болсын!

Мәтін бойынша сұрақтар қоясың.

1. Оқы және жаттап ал.

Айт

Жер жүзі көк шөп болып түрленгендей,
Қызарып бәйшешектер гүлденгендей.
Киініп қыз, келіншек жарқылдайды
Біртүрлі жаңа тұрмыс түрге енгендей.

Сұлтанмахмұт Торайғыров

2. Түсініп оқы.

Айт күндері

  – Айт құтты болсын!
  – Айтсын, жақсылығы бірге болсын!
  – Жыл он екі айда бір келген жарықтық «айт» қой, бұл күнді көрген де бар шығар, көрмеген де бар шығар.
  Ауыл адамының бәрі қыбырлап, ерсілі-қарсылы кезіп жүр. Бәрі де әдемі киінген. Жүздерінде қуаныштың белгісі бар. Жерошақ біткеннің көбінде асылған қазан, ақ көбігі бұрқылдап ет қайнап жатыр…
  Бір топ қыдырып, «айттық» алып жүр.
  Ауыл гу-гу.
  – Айт құтты болсын!
  – Жақсылығы бірге болсын!

Бейімбет Майлин

Орфографиялық Сөздік

Айт
Айт мерекесі
Айт күні
Айт дастарқаны

3. Түсініп оқы, мәтіннің авторы туралы әңгімеле.

  Бейімбет Майлин (1894–1938) Қостанай облысы Таран ауданы қазіргі Б. Майлин атындағы ауылда туған. Ол – әңгіме жанрының асқан шебері.

4. Мәтіндер бойынша Айт мерекесіне қатысты 3 сұрақ дайында және оларға жауап бер.

5. Айт күні айтылатын 5 тілек жаз.

×
×

Корзина