Менің ана тілім – қазақ тілі
Сөйлеу не үшін қажет?

  – Қазақ тілі – менің ана тілім. Мен ана тілімде оқып, жаза аламын, басқалармен әңгімелесемін және білмегенімді сұраймын. Мұның бәрін өз ана тілімді жақсы білгендіктен орындай аламын.

  – Белгілі ақын Қадыр Мырза Әли ана тілінде сөйлеудің маңызды және қажетті екенін «Ана тілі» деген өлеңінде айтады. Оқып көрейік.

1. Өлеңді түсініп, көтеріңкі дауыспен мәнерлеп оқы.

Ана тілі

Ана тілің, біліп қой –
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің, біліп қой –
Мақтанышың, елдігің.

Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!

•  Сенің ана тілің қай тіл? сұрағына жазбаша жауап бер.
•  Өлеңді қандай дауыспен оқу керек деп ойлайсың?
•  Өлеңнің соңғы шумағын жатқа жаз.

2. Мәтінді оқы.

  Сенiң Отаның – Қазақстан. Өйткені сен Қазақстанда тудың және осында тұрасың.
  Біздің Отанымыз көп ұлтты. Әр ұлт өз тілінде сөйлейді.
  Әр адам өз Отанын сүйеді. Сен де өз Отаныңды сүй. Оны мақтан ет.

•  Сұрақтарға жауап бер.
1. Мәтін не туралы?
2. Біздің Отанымыз қалай аталады?
3. Сен мектепте қай тілдерді үйреніп жүрсің?

Сөйлеу тыңдау, айту, жазу және оқу әрекеттерінен тұрады.

3. Суреттерге қара. Адамдар бір-бірімен қалай қарым-қатынас жасауда? Олардың қайсысы ауызекі, қайсысы жазбаша сөйлеуді қолданды? Қарым-қатынас жасауда қимыл мен ымның көмегі бар ма?
Жан-жануарлар сөйлей ала ма?

  Төмендегі сөйлемдер жоғарыдағы әр суреттің атауы бола ала ма?
1. Оқу мен жазу – егіз. 2. Мысық неге мияулады? 3. Ым мен қимыл – түсінісу құралы.

4. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жаз.

  … – адамға ғана тән құбылыс. Жан-жануарлар … . Олар тек … шығарады.
  Керекті сөздер: дыбыс, сөйлеу, сөйлей алмайды.

×
×

Корзина