Сөзі дана, үні жоқ, Сөйлемейді – тілі жоқ. Қолыңа алсаң – шешен, Ақылы асқан көсем.
Әрі шешен, әрі әнші, әрі күйші, Әр үйде бар, тапқышым, кәне, білші.
Кітап жазбаша сөйлеу түріне, радио ауызекі сөйлеу түріне жатады.
Ауызекі және жазбаша сөйлеу дегеніміз не?
Сөйлеудің бұл түрлерін 8-беттегі мәтіннен біле аламыз.
7. Мәтінді түсініп оқы.
Біздің еститін және айтатын сөйлемдеріміз ауызекі сөйлеу деп аталады. Яғни бұл – үн арқылы берілетін сөйлеу. Жазбаша сөйлеу дегеніміз – жазылып берілетін хабар. Сөйлеудің бұл түрі бірден пайда болған жоқ. Алғашқыда адамдар айтқысы келген ойын суретпен бейнелеген. Мұндай суретті бейнелер ескі үңгір қабырғалары мен тастарда сақталған. Қазір жазу үшін әріптер және басқа бейнелер пайдаланылады.
• Сұрақтарға жауап бер.
1. Сөйлеу түрлері туралы не білдің? 2. Сөйлеудің қай түрі бірінші пайда болды деп ойлайсың?
• Мәтіннің алғашқы бөлігін көшіріп жаз. • Алғашқы адамдар суреттердің көмегімен не айтқысы келгенін «оқып» көр. Сыныптастарыңды тыңда. Бұл суреттерді неліктен әртүрлі «оқығандарыңды» түсіндір.
Ерте заманда адамдар әріптерді білмеген. Олар сөзді сурет және басқа белгілермен беруге тырысқан...
8. Алдымен суретте берілген сөздердің алғашқы әріптерінен сөз шығарып айт. Сонан соң әріптер арқылы жазылған мақалды оқып көр.
Тіл қаруы – сөз, Сөз қаруы – ой.
• Ауызекі сөзін осы тәрізді басқа суреттердің көмегімен құрастырып жаз. • Мақалды жатқа жаз.
9. Суреттегі заттар арқылы сөйлеудің қай түрі жүзеге асады? Сыныптас досыңмен талқыла.