Сөйлеу мәдениеті

· Түрлі жағдаяттарда сыпайы сөздерді қолдануды үйренемін.
· Белгілі бір тақырып аясында тілдік нормаларды сақтап әңгімелесуге үйренемін.​

15. Сұрақтың жауабын тауып, диалогті толықтыр.

– Қазақстанда қандай ұлттар тұрады?
– …
– Олардың Отаны қай жер?
– …
– Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қай тіл?
– …
Парталасыңмен диалогке түс.

16. Мәтінді тиісті дауыс ырғағымен оқы.

  Мен тыныс алуға сәл кідірдім. Отырғандар мадақтап ала жөнелді.
  – Ой, азаматым!
  – Мынау бір өнерлі бала ғой!
  – Қатырып оқиды екен!
  – Тамаша оқиды екен! – деп қолпаштап жатыр. Міне, жыр да оқылып бітті.
  – Ой, көп жаса!
  – Бір жасың мың болсын!
  Өнеріме сүйсінген жұрт:
  – Кәне, енді Қобыландыны оқышы! – деп, өтініш жасай бастады.

Бердібек Соқпақбаевтан

Мәтіннен қолпаштау және алғыс сөздері бар лепті сөйлемдерді теріп жаз.
Өзіңнен үлкен адамға, құрдасыңа, өзіңнен кіші балаға ризашылығыңды білдіруде қай сөзді қолданасың?

17. Суреттерге қара. Балалардың әрекеті дұрыс па? Олардың орнында сен болсаң, не істер едің?

18. Төмендегідей жағдаятқа тап болсаң, не істер едің?

Сыныптасыңа телефон шалып едің, тұтқаны үлкендердің бірі алды. Осындай жағдайда не істер едің?

  • Тұтқаны қоя саласың.
  • Жолдасыңды телефонға шақыруды өтініп сұрайсың.
  • Өзіңді таныстырып, жолдасыңды телефонға шақыруын өтініп сұрайсың.

19. Суретке қара.

Жол ережесін бұзуға болмайтыны туралы оқушыларға кеңес беруге қатыс.

20. «Ана тілі» дегенді қалай түсінесің?» дейтін сұраққа өздерің сияқты
балалардың берген жауаптарын оқып көрейік.

  Сабыр: – Менің ойымша, ана тілін білу – адамның ең үлкен парызы. Себебі адам тілсіз ешкіммен араласа алмайды. Тіл болмаса, олар бірін-бірі түсіне алмас еді. Ана тілі адамның бойына ана сүтімен бірге енеді. Аналарымыздың әлдилеген әні арқылы тілді үйренеміз. Сондықтан оны «ана тілі» деп атаған. Өз анаң секілді тілді де құрметтеу керек деп ойлаймын.
  Күләш: – Мен ана тілі дегенді анам сияқты бәрінен де қымбат, асыл дүние деп түсінемін. Себебі тілді білген, оны құрметтеген адамның барлық уақытта жолы ашық болады.
  Ерлан: – Менің ана тілім – қазақ тілі. Қазақ халқы өте батыр, жауынгер халық. Ата-бабаларымыз жаудан елі мен жерін қорғады. Қазақ елі өзінің тілі – қазақ тілі жойылмауы үшін күресті. Сондықтан тілді дұрыс түсініп, әр адам өз тілінде жақсы сөйлеуі үшін кітапты көп оқуы керек.
  Сымбат: – Біз туғаннан бастап анамыздың «балапаным», «боташым», «айналайын» деген сөздерін естіп келеміз. Сол үшін де ана тіліміз – бәрінен бұрын білетін тіліміз, алдымен үйренетін тіліміз. Сондықтан оны «ана тілі» деп атаған.
  • Қай жауап саған көбірек ұнады? Себебін дәлелде.
  • Сен де сұхбатқа қосылып, өз жауабыңды жазбаша білдір.

21. Оқы.

Ана тіліңді құрметте.

Екі оқушы таласып қалды. Біреуі бұл сөйлемді хабарлы десе, екіншісі лепті сөйлем дейді. Оқушылардың арасында қандай диалог болуы мүмкін екендігін ойлан. Кімдікі дұрыс деп есептейсің?
Қасыңдағы парталасыңмен диалогке түс.
Бұл тапсырманы сыныптастарың қалай орындады? Бағала.

22. Оқып, өлең түріндегі жолдарды жатқа жаз.

Қырманнан дән арқалап келген тауық үйрекке айтты:
– Жем шоқыңыз, мархабат!
– Аш қалдық деп, жаңа ғана қапыда ек, Бауырым, саған жемің үшін рақмет!

Мұзафар Әлімбай

 Өлең түріндегі жолдарды парталасыңмен рөлге бөліп оқы. Басқа оқушылармен жарысқа түсіңдер. Қай жұп мәнерлі оқыды?

23. Келесі беттегі диаграммада қанша оқушының сөйлеу көрсеткіші берілген?
Дұрыс, әсерлі сөйлеу үшін оларға қандай кеңес берер едің?

1) тез, түсініксіз

2) әсерлі, түсінікті 

3) ойы шашыраңқы, түсініксіз

24. Өз сөйлеу деңгейіңді бағалап көр.

  «Иә» жауабына – 2 ұпай, «кейде» жауабына – 1 ұпай, «жоқ» жауабына – 0 ұпай.
  Егер 10-нан 14 ұпайға дейін жинасаң, сен дұрыс әрі әсерлі сөйлей аласың.
  Егер 6-дан 9 ұпайға дейін жинасаң, сен әлі жеткілікті мөлшерде дұрыс сөйлей алмайсың.
  Егер 6-дан төмен ұпай жинасаң, дұрыс сөйлеуге ұмтылуың керек.

×
×

Корзина