Менің отбасым

Біз өз отбасымыздың мүшелері кімдер
болатыны туралы білетін боламыз.

   Мәтінді оқып, белгіленген сөздердің нені білдіретінін ойлан.

Кез келген адамның өз отбасы бар. Отбасы – қоғамның бір мүшесі. Отбасына – туыс-туғандар, бірге тұратын жақын адамдар жатады. Туғандар және жақындар
– олар анасы мен әкесі, ағасы мен әпкесі, атасы мен әжесі.

  Суреттегі отбасында кімдер барын айтып, атап бер.

  Мақалды оқып, оның мағынасын түсіндір.

  Отбасы үлкен және кіші болуы мүмкін. Отбасында бір ғана емес, бірнеше бала тәрбиелейтін көпбалалы отбасылары да болады. Ата-әжесімен тұратын отбасылары да кездеседі.
  Кез келген отбасында үлкендері кішісіне қамқорлық жасайды. Ал кішілері үлкендерге көмектеседі.
  Отбасына қажетті тағамдар мен керек-жарақты үлкендер еңбек етіп қамтамасыз етеді.

Суреттегі отбасылар жайлы не айтасың?

1. Өз отбасыңдағы адамдар жайлы әңгімеле.
2. «Қамқор болу», «көмектесу» деген ұғымдарды қалай түсінесің?
3. Сен отбасыңда кімге қамқорлық жасайсың?

×
×

Корзина