– Мерей, тыңдашы. Айналамыздан сан түрлі дыбыстар естіледі: ұшып бара жатқан ұшақтың гүрілі, желдің гуілі, қамыстың сыбдыры, иттің үрген дауысы, құстардың сайраған үні, күннің күркіреген гүрілі, ағаш бұтақтарының сықырлағаны т.б.
– Бізді бұлардан басқа тіл дыбыстары қоршап тұр. Олар бір-бірімен бірігіп, мағыналы сөз жасайды. Тіл дыбыстарын естиміз және айтамыз. Осы тіл дыбыстарының жасалу, айтылу, естілу және буын, екпін мен интонация мәселелерін фонетика қарастырады.
Саяхатымызды тіл дыбыстарынан – алдыңғы сыныптарда өткен материалдарды қайталап еске түсіруден бастаймыз.