· Суретті сызбаның көмегімен мәтін мазмұнын болжауды және сөздерді дыбыс үндестігіне сәйкес айтуды үйренемін.
· Сөздердің айтылуы мен жазылуын салыстыруды, сөздердің қатесін түзеп жазуды үйренемін.
· Монолог құрай аламын.
Басшы, Сарыарқа, Досжан, теңізші, жазса, түнгі, ашса, сөзсіз, сөнбеді, жанбады. • Сөздердің айтылуы мен жазылуын салыстыр.
Үлгі:
Жазылуы басшы Бозжан
Айтылуы башшы Божжан
46. Сөз тіркестерін көшіріп жаз.
Ақ жаулық, ай қабақ*, дөңгелек үстел, көк аспан. • Сөздердің аралығындағы көршілес дыбыстардың айтылуда өзгергенін байқа. Олардың айтылуы мен жазылуын салыстырып, өзің қорытынды жаса.
47. Оқы. Сөздердің аралығындағы көршілес дыбыстардың айтылу кезінде өзгеру себебін түсіндір.
Ақ лақ, ала кел, торы ат, ақ алтын, қара ала сиыр.
48. Сөздердің қатесін түзетіп жаз.
Жұмышшы, сембеді, жауыңгер, жарғабақ, ағ лақ, ала гел.
49. «Арал теңізі» тақырыбында берілген жоспар мен тірек сөздерді пайдаланып, монолог құра.
Жоспар: 1. Арал теңізі. 2. Арал теңізінің апатты аймаққа айналуы. 3. Арал теңізін құтқару шаралары. Тірек сөздер: Арал теңізі, мен, апатты аймақ, қазір, ғаламдық проблема, буға айналу, аударылды, бұрынғыдай, су, аз, айналдым, суалып қалды. • Монологіңді былай деп баста: Мен – Арал теңізімін. …
50. Сөздерді айтылуы мен жазылуы бойынша бір-бірімен сәйкестендір.