Жазда Дәукен атамның ауылына бардым. Ауылға барған күні-ақ жаңа көйлегімді киіп алдым.
Далаға шықтым. Тұраш пен Сапаш доп ойнап жүр екен. Олармен былтыр келгенде танысқанмын. Сапаш мені байқап:
– Әнеш, кел, доп ойнаймыз, – деді.
Анамның көйлегіңді кірлетпе дегені есіме түсіп, ойынға қосылмай тұрдым.
– Көйлегім кірлеп қалады деп қорқасың ба? – деді Тұраш. Ұялып кеттім де, ал ендеше деп, ойынға араластым.
– Мен қақпаға кеттім, – деп, Сапаш жол жиегіндегі екі кесек белгінің ортасына барып тұрды.
Жақындап барып, ышқына тептім*. Гол! Сапаш допты ұстаймын деп шалқасынан құлады.
Бір кезде қарасам, ақ көйлегімнің өңірі* сатал-сатал болыпты. Қап, көйлегім-ай!..