Дауыссыз л мен р

42. Мәтінді мәнерлеп оқы.

  Әкем маған ататегімнің аты-жөнін үйретуші еді.
– Кімнің баласысың? – деп сұрайтын ол.
– Мен Момыштың ұлымын.
– Момыш кімнің баласы?
– Момыш Имаштың баласы.
  Осылайша жеті атаға дейін жетелеп отырып санатады.
  Ал келген қонақ ең алдымен атымды сұрайтын. Сонан соң менің жеті ата жөніндегі біліміме риза болатын. Маған жылы лебіздерін білдіретін.

Бауыржан Момышұлы

•  Мәтін не туралы?
•  Мәтін неше бөліктен тұрады?
•  Бауыржанның әкесі қандай адам болған?
•  Бауыржан Момышұлының өмірбаяны туралы энциклопедиядан біліп ал.
•  Мәтіндегі қарамен жазылған сөздердің айтылуы мен жазылуын салыстыр.

43. Сөздерді көшіріп жаз.

Лашын, лебіз, лайық, лезде, лауазым, рең, рәсім, разы, рауғаш, раушан.

•  Сөз басындағы л, р дыбыстарының айтылуына назар аудар.
•  Осы сөздердің мағынасын түсіндірме сөздіктен біліп ал.

Сөз басындағы л, р әріптерінің алдынан ы, і естілгенімен, олар жазылмайды: лақ, лауазым, рет, рас.

44. Мақалдарды оқып, жатқа жаз.

1. Еңбек түбі – рақат.
2. Ағайынның алтын сарайынан
    Ананың жыртық лашығы артық.

•  Сөз басындағы л, р әріптерінің астын сыз. Олардың айтылуы мен жазылуын салыстыр.

45. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, өлең құрастыр.

«Тілші болған рақат», –
… … … Ахат.
… … хат,
… … ат.,

46. Сурет бойынша әңгіме құра.

•  Құраған әңгімеңді сыныптасыңа айтып бер.

47. Өлеңді жатқа жаз.

Рауан

Рауан – сәуле, таңғы нұр,
Рақатқа бөлер жанды бұл.
Рауандап атқан ақ таңдар,
Ризық сыйла, сәл кідір!

Өтепберген Ақыпбекұлы

•  Р дыбысынан басталған сөздердің астын сыз. Олардың айтылуы мен жазылуын салыстыр.
•  Рауан, рақат, ризық сөздерінің мағынасын түсіндірме сөздіктен тауып, біліп ал.

48. Бұлтта берілген сөздердің бір әрпін өзгерту арқылы л әрпінен басталатын сөздер жасап жаз.

49. Оқы. Орны ауыстырылып берілген бөліктерден мәтін құра.

  Жазғы демалыс кезі. Біз жүгерінің арамшөбін отап жүр едік. Кенет күн бұлттанып, лезде жаңбыр құйып кетті.
– Кетпенді тастап қашыңдар! – деп дауыстадым.
  Жұрт паналар жер таппаған соң, кетпен-күректерін төбелеріне тосты. Мұны көріп металдың жай тартатыны есіме түсе кетті.

Дәулет Қасеновтен

•  Мәтін не туралы?
•  Найзағай туралы «Менің энциклопедиям» кітабынан біліп ал.
•  Мәтіннен л дыбысынан басталатын сөзді тап.

50. Ребусты шеш. Шешуіндегі гүлді сипаттап жаз.

51. Сөйлемдерді оқы.

Лақ – төл.
Лапылдаған не?
Лашын – құс
Лағыл деген не?

•  Сұрақтарға жауап бер.
•  Сөйлемдердегі л әрпінен басталатын сөздердің айтылуы мен жазылауын салыстыр.

52. Берілген сұрақтарға сүйеніп, суреттегі құсты сипаттап жаз.

1. Лашын қандай құс?
2. Оның түсі, көзі қандай?
3. Оның саусақтары қандай?
4. Оны неліктен жыртқыш құс деп
атайды?

53. Сөздерді көшіріп жаз. Мағынасын түсіндір.

Іле, ілгіш, ілгек, ілгері, ілесу, ылди, ылғал, ырыс, ірімшік, ірі, ылғи.

•  Мағынасы түсініксіз сөздердің мағынасын түсіндірме сөздіктен қарап біліп ал.

54. Екі бағандағы сөздерді салыстыр. Содан соң өзің қорытынды жаса.

Лашын, лауазым, лебіз,
рақмет, рақат, рең,
рақым 

Іле, ілгіш, ілесу,
ірі, ірімшік,
ылди, ылғал

55. Перизат атасын мерейтойымен құттықтағысы келіп, қолына қаламын алды.
Қағаздың басына «Құрметті ата!» деп жазып қойды.
Әншейінде толып жатқан сөздердің біреуі есіне түссейші.

Перизаттың орнында болсаң, сен атаңа жылы лебізіңді қалай білдірер едің?

56. Бос торкөздерге л, р әріптерінен басталатын сөздер тауып жаз.

×
×

Корзина