Сыныптасым Айгүл екеуіміз жалғыз тұратын Әсел әжейге көмектесуді ұйғардық.
Үйді жинап, дүкеннен керек-жарақтарын әкеліп бердік. Ол кісі бізге риза болып, батасын берді. Өзімен бірге шай ішуімізді өтінді. Біздер сыныптастарымызға киноға баруға уәде беріп қойғанымызды айттық.
Әсел әжей: – Дұрыс, қарақтарым, уәде – қасиетті серт. Уәделеріңде тұрсаңдар, қадірлерің артады, – деді.